Қызылордадағы құрылыс бағасы тұрақты ма?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда Қызылорда облысының құрылыстағы баға индексі 100,3% құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Атап айтсақ, баға индексі құрылыс-монтаж жұмыстарына 100,3%, машиналар мен жабдықтарға 100,1% құрады.
пайызбен
Аталуы | 2019 жылғы қыркүйектегі баға индексі | |||
2019 жылғы тамызға | 2018 жылғы желтоқсанға | 2018 жылғы қыркүйекке | 1991 жылғы сметалық бағаларға,есемен | |
Құрылыстағы баға индексі | 100,3 | 101,4 | 101,4 | 189,518 |
Құрылыс-монтаж жұмыстарының баға индексі | 100,3 | 100,6 | 100,5 | 228,475 |
Машиналар мен жабдықтардың баға индексі | 100,1 | 103,0 | 103,9 | 226,827 |
Айта кетейік, құрылыстағы баға индексі технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, өзге де жұмыстар мен шығындар) олардың құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.