Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі белгілі болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 28 763 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасы.![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1571135602_15prodmin1.jpg)
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1571135602_15prodmin1.jpg)
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%,жемістер мен көкөністерге – 13,1%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,1%, нан және жарма өнімдеріне – 7,1%,май және тоң май өнімдеріне–3,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге –2,2%, балыққа – 1,8%-ды құрады.
теңге
Халықтың орташа жан басына шаққанда | Балалар, 0-13 жаста | Жасөспірімдер, 14-17 жаста | Еңбекке қабілетті халық 18 жас | Зейнеткерлер мен қарт адамдар | |||
ұлдар | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Күнкөрістің ең төменгі шамасы | 28 763 | 25 071 | 35 905 | 27 513 | 33 853 | 26 871 | 26 607 |
Азық-түлік тауарлары | 15 820 | 13 789 | 19 748 | 15 132 | 18 619 | 14 779 | 14 634 |
Азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет | 12 943 | 11 282 | 16 157 | 12 381 | 15 234 | 12 092 | 11 973 |