ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНДА 700-ГЕ ТАРТА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Қызылордада 2017 жылы ферроқорытпа зауыты пайдалануға беріліп, 700-ге тарта жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлайды.
Кәсіпорынды құру бойынша жобаның стратегиялық инвесторы анықталды. Ол – Қытайдың «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co.,Ltd» (Baota) мұнай-химия компаниясы. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде аталған компанияның үлесі 33%-ды немесе 80 млн долларға тарта қаржыны құрайды. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Кәсіпорынның құрылысын салуға Қызылордадағы бұрынғы целлюлоза-картон комбинатының аумағынан жер учаскесі бөлінді.
Қызылордадағы ферроқорытпа зауыты пайдалануға берілгеннен кейін 700-ге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.