ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ
Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің мәжілісінде Комиссия мүшелері шағын және орта бизнес саласындағы бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлердің жобаларын қолдады. Жалпы құны 140800000 теңге болатын 6 жобаны ішінара кепілдендіруге және пайыздық үстемені субсидиялауға оң шешім қабылданды.
Мемлекет қолдауына ие болған кәсіпорындардың қатарындағы «ЕрЖас-2013» ЖШС, «Мир-2001» ЖШС-і құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. ЖК «Ернұр-Дин» балабақша ашуға, ЖК «Алимов» - нан өнімдерін шығару өндірісіне, ЖК «Махашов» - медициналық орталық ашуға және ЖК «Жандаулетова» - техникалық қызмет көрсету станциясы мен қонақ үй қызметі бағытында бизнес ашуға «БЖК-2020» бағдарламасы аясында көмек алатын болды.
«Мир-2001» ЖШС Қызылорда облысының Қармакшы ауданында жаяужол плиткаларын, бордюрлар мен бетоннан басқа да құрылыс материалдарын шығарумен бірнеше жыл қатарынан тұрақты айналысып келеді. Аталған компания осыған дейін де «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан төмен пайыздық несие рәсімдеген болатын Мемлекеттік бағдарлама арқылы «Мир-2001» ЖШС өндірістік процессті одан әрі жетілдіруге және шығарған өнімнің сапасын арттыруға қажетті соңғы үлгідегі қондырғы сатып алу үшін Даму Қоры тарапынан 50%-қ кепілдендіруге ие бола отырып, қаражат алуға мүмүкіндік алған болатын. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен «Мир-2001» ЖШС арасындағы ынтымақтастық 2011 жылдан бастау алған. Осы уақыт аралығында компания қызметкерлері «Іскерлік байланыстар», «ШОБ Топ-менеджментін оқыту» жобалары мен Бөлшек кепілдендіру және мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму-Көмек» сияқты бағдарламаларға белсенді қатысып келеді. Кәсіпорын директоры Сейфулла Ажмолдаев «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші этапы аясында Германияда тегін тәжірибеден өтіп, жергілікті неміс кәсіпорындарымен қарым-қатынас орнатып келді. Ендігі жерде компания кезекті рет өзінің бизнес аясын кеңейтуге, шығарылатын өнім сапсы мен санын арттыруға мемлекет тарапынан көмек алып отыр. АҮК отырысында «Мир-2001» ЖШС-не «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеу үшін қажетті 42%-дық кепілдендіруді қолдады. Болашақта Қор кепілдігімен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру кезінде «БЖК2020» бағдарламасы аясында үстеме пайызы субсидияланатын болады.