2015 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
2014 жылдың желтоқсан айында халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 58249 теңгені құрады. Өсім 2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 10,7%-ды құрады, нақты ақшалай табыстар үшін 2,6%-ға жоғарылады.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
2014 жылдың IV тоқсанында жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 18,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылдың қаңтар айының соңына 5,0 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 1,4%.
2014 жылдың желтоқсанында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын ала деректер) 118 994 теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 7,8% болды. Осы кезеңде нақты жалақы (алдын ала деректер) 0,1 пайызға азайды.
БАҒА
Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 100,9% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 1,6%, азық-түлік емес тауарларына – 0,8%, ақылы қызметтер көрсетуге – 0,3%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 20,2% төмендеді.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
2015 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5837 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 59,0%-ға кем.
2015 жылдың 1 ақпандағы тіркелген заңды тұлғалар саны 8425 бірлікті құрады, оның ішінде 8050 бірлік 50 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6217 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 5842 бірлік.
САУДА
2015 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 12934 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,1% артты.
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
2015 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 56654,2млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтардағы деңгейден1,7% артты. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазудағы өсім 1,2 %, өңдеу өнеркәсібінде 5,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда – 3,2% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2339,7 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 4,1% артық.
2015 жылдың қаңтарында жүк айналымының көлемі 1093,2 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артты.
Қызылорда облысының статистика департаменті