Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша 2019 жылдың тамыз айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 28 711 теңгені құраған. Бұл туралы облыстық Статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 6,9%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 17,7%, жемістер мен көкөністерге – 13,6%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9%, нан және жарма өнімдеріне – 7,1%, май және тоң май өнімдеріне – 3,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,2%, балыққа – 1,8%-ды құрады.
теңге
Халықтың орташа жан басына шаққанда | Балалар, 0-13 жаста | Жасөспірімдер, 14-17 жаста | Еңбекке қабілетті халық 18 жас | Зейнеткерлер мен қарт адамдар | |||
ұлдар | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Күнкөрістің ең төменгі шамасы | 28 711 | 25 446 | 35 732 | 27 378 | 33 712 | 26 757 | 26 479 |
Азық-түлік тауарлары | 15 791 | 13 995 | 19 653 | 15 058 | 18 542 | 14 716 | 14 563 |
Азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет | 12 920 | 11 451 | 16 079 | 12 320 | 15 170 | 12 041 | 11 916 |