2019 жылдың қаңтар-шілдесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2019 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 71266 теңгені құрады және 2018 жылғы I тоқсанымен салыстырғанда 15,9%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 4,9%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 10,5%-ға жоғарылады.
2019 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы шілденің соңына 9,0 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,6%.
2019 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 157928 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 5,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына - 2,6%-ға өсті, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер -0,8%-ғатөмендеді.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 105,2%-ға жоғарылады.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 203379 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,9 есеге көбейді.
2019 жылдың 1 тамыздағы тіркелген заңды тұлғалар саны 10478 бірлікті құрады, оның ішінде 10123 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7852 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7497 бірлік.
2019 жылғы қаңтар-шілдеге «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,3%-ды құрды.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 163640,0 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 101,0% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 91399,8 млн. теңгені немесе 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 101,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 516175,0 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2018 жылғы деңгейден 9,6% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 10,2%, өңдеу өнеркәсібінде 7,6% кемісе, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 26,5% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 27791,0 млн. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4% арттық болды.
2019 жылғы қаңтар-шілде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрды.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 7501,4млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,6% жоғары. Жолаушылар айналымының көлемі 3987,4млн. жкм құрап 2,2% артты.
2019 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 57320,3 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 51,7%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 34,3%-ды құрады.