Қызылордада биыл инвестиция көлемі артты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 180235 млн теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.
Биыл қаңтар-маусым аралығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып қалуда, олардың көлемі 153 090 млн теңгені құрады.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
2019 жылғы қаңтар-маусым | ||
млн.теңге | үлес салмағы пайызбен | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 180235 | 100,0 |
соның ішінде келесі қаражаттар есебінен: мемлекеттік бюджеттен | 16731 | 9,3 |
меншікті қаражаттар | 153090 | 84,9 |
банктердің кредиттері | 4344 | 2,4 |
басқа да қарыз қаражаттар | 6070 | 3,4 |
2019 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жумыстарына салынған инвестициялар 1,9 есеге көбейгені байқалды.
Технологиялық құрылым бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
жалпы көлемге пайызбен
2019жылғықаңтар-маусым | 2018жылғықаңтар-маусым | |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | 100,0 | 100,0 |
соның ішінде: | ||
үйлер мен ғимараттарды салу жәнекүрделіжөндеужұмыстары | 67,8 | 72,4 |
машиналар,жабдықтар,кәлік кұралдары, құрал-саймандар | 24,3 | 12,9 |
өзге де күрделіжұмыстар мен шығындар | 7,9 | 14,7 |