Қызылордада 6 ай ішінде 2328 тұрғын үй ғимаратының құрылысы аяқталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үй құрылысына 15 511 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға көп.
Ағымдағы жылдың жартыжылдығында халық салған тұрғын үйлерді қосқанда жалпы тұрғын ғимараттардың алаңы құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шығындары 48,0 мың теңгені құрады.
Аймақта қаңтар-маусым аралығында 2328 тұрғын үй ғимараттардың құрылысы аяқталды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру
| 2019 жылғы қаңтар-маусым | ||
жалпы алаңы, шаршы метр | 2018 жылдың қаңтар-маусымына %-бен | пайдалануға берудің облыстық көлемдегі үлес салмағы, %-бен | |
Қызылорда облысы | 277 301 | 121,6 | 100 |
Қызылорда қ.ә. | 179 868 | 133,1 | 64,9 |
Арал | 10 288 | 101,9 | 3,7 |
Жалағаш | 4 494 | 106,7 | 1,6 |
Жаңақорған | 25 089 | 109,6 | 9,0 |
Қазалы | 13 587 | 108,6 | 4,9 |
Қармақшы | 9 615 | 100,3 | 3,5 |
Сырдария | 6 794 | 104,5 | 2,5 |
Шиелі | 27 566 | 101,8 | 9,9 |