ИИДМБ: ҚЫЗЫЛОРДАДА ВАГОНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ӨНДІРІСІ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛМАҚ
Қызылордада «Қазақстан темір жолы» теміржол құрамдарына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын машина жасау зауыты ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыс әкімдігінің ақпаратынша, қазір кәсіпорын құру бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Байқоңыр» ӘКК мен «Азиаш» ЖШС арасында жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісім бекітілді. Сондай-ақ жобаға қатысу ниетін білдірген «StrojirnaTYC. s.r.o.» компаниясымен де бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды.
«Жаңа зауыт – Қызылорда облысында іске асырылатын бірқатар жобалардың бірі, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айдын Қайруллаев. – Бұл тек өңіріміздің экономикасы үшін ғана емес, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты үшін де маңызды. Себебі жаңа өндірістің арқасында жұмыс орындары ашылады. Мысалы, 2014 жылы Қызылорда облысында жалпы құны 6,7 млрд теңгенің 12 индустриялық нысаны пайдалануға берілді, нәтижесінде 700-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылып, аймақ тұрғындары еңбекпен қамтылды».