Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту кешені әзір іске қосылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, елдегі тұз өндірісінің 98,5%-і – Сыр өңірінде, 2%-і – Жамбыл облысында, 1%-тен аз бөлігі Түркістан облысында шоғырланған. Қазақстан қыркүйек айынан бастап Ресейге, Өзбекстан мен Қырғызстанға азықтық тұзды, 2020 жылы ас тұзын экспорттайды. Бүгінде экспорт үлесі 74 проценті құрайды.
Жалпы, Қазақстанда тұзды сырттан тасу үдерісі азайған. Жыл басынан бері елдегі өнідіріс ішкі сұраныстың 91 процентін қамтыды. Бір ақпарат қоса кетейін. Елімізде 112 мың тоннаға жуық тұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке артық.