Қазақстанда жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі 13% артты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанда жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2019 жылдың маусымында 29 мың 872 теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда (наурызда - 28 324 теңге) 5,5%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі шамасы негізінде есептелген жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы ағымдағы жылдың маусым айында 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 13% өсті, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда - 7,3%.
Өткен айдағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,5%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,7%, жемістер мен көкөністер - 11,6%, нан және жарма - 7,2% , қант, шай және дәмдеуіштер - 2%.