АРАЛ МЕН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНА 4% ҮСТЕМЕМЕН НЕСИЕ АЛУҒА МҮМКІНДІК БАР
Қызылорда облысының Арал және Қазалы қаласы тұрғындарына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 4% үстемемен бизнестің барлық салаларында несие алуға мүмкіндік туды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енгізілген бірқатар өзгерістер аясында шағын қалалар, моноқалалар мен олардың әкімшілік қарамағындағы ауылдық округтер тұрғындары субсидия/кепілдендіру құралдарын салаларға шектеусіз несие алу арқылы қол жеткізетін болды. Қызылорда облысында шағын қалалар санатына Қазалы мен Арал қалалары жатады. Осыған орай аталған шағын қалалардың бастауыш және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлері екінші деңгейлі банктерден бизнестің кез-келген түрлеріне (сауда-саттық, мейрамханалық бизнес және т.б.) несие алуына болады. Сонымен қатар, борышкерлердің несиесінің 14% үстемесінен 10%-ын мемлекет өтеп береді, ал кәсіпкер бар болғаны 4%-н қайтаратын болды. Енгізілген өзгерістің тағы бір артықшылығы кепілдігі жетіспейтін кәсіпкерге несие рәсімдеуге қажетті кепілдендіруді ұсыну болып табылады. Бағдарламаға қатысудың бір шарты, «БЖК2020» бағдарламасының аясында экономиканың басым секторында бизнесін жүзеге асыратын бір кәсіпкерге кепілдендіру жүргізілетін несиенің сомасы 300 млн. теңгеге дейін болса, сауда саласы, мейрамханалық бизнес және қоғамдық монша сияқты салаларда жұмыс жасайтын кәсіпкерге берілетін несиенің сомасы 150 млн. теңге болып бекітілді.
Күмәнсіз, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер еліміздің шағын қала мен моноқалаларында шағын және орта бизнес дамуының деңгейін арттыруға, сонымен қатар кәсіпкерлік әлеуеті бар тұрғындардың бизнесті бастауына, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің өз бизнесін әрмен қарай кеңейтуге мемлекет қолдауы арқылы қол жеткізуіне үлкен мүмкіндіктер туғаны айқын.