Қызылорда облысындағы инфляция туралы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы мамырда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,2% құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаментынің баспасөз қызметі.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4%, азық-түлік емес тауарларына - 0,2%, ақылы қызметтер тарифтері өткен айдың деңгейінде қалды.
Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы күрішке – 4,2%, ұнға – 3,8%, макарон өнімдеріне – 1,8%, жармаларға – 1,6%, сиыр етіне, жаңа жиналған жемістерге, балалар тағамына - 1,5% дан, шошқа етіне - 1,4%, алкогольсіз сусындарға - 0,9%, нанға - 0,2%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге - 6,5%, жұмыртқаға – 2,6%, шикі сүтке - 1,7% тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,4%, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға - 1%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,4%, киім және аяқ киімдерге -0,1%, -ға тіркелді. Дизель отыны 0,1%-ға жоғарыласа, бензин 0,9%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 5,8%, салт-жора қызметтеріне – 5,5%-ға жоғарылады. Бағаның төмендеуі жолаушылар әуе көлігіне – 6%, темір жол көлігіне – 3,7% - ға тіркелді.
пайызбен
2019 жылғы мамыр | 2019 жылғы қаңтар-мамыр 2018 жылғы қаңтар -мамырға | |||
2019 жылғы сәуірге | 2018 жылғы желтоқсанға | 2018 жылғы мамырға | ||
Тауарлар мен қызметтер | 0,2 | 2,0 | 4,9 | 4,9 |
Азық-түлік тауарлары | 0,4 | 5,3 | 7,3 | 6,3 |
Азық-түлік емес тауарлар | 0,2 | 1,6 | 6,3 | 6,3 |
Ақылы қызметтер | 0,0 | -1,8 | 0,7 | 1,7 |