2019 жылы «Аралтұз» Қытай нарығына шығады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өндіріс орны 23 өнім түрін шығарады. 2017 жылы Аралдың тұзы Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Сонымен қатар, 2018 жылы "Аралтұз" АҚ алғаш рет украин нарығына 462 тонна тұз жөнелтті. Ал 2019 жылы тауар көлемін Украинаға 3 есеге, ал ресейлік нарыққа жөнелтілетін өнім көлемін 20% арттыру жоспарланып отыр.
«Қазіргі таңда «Аралтұз» АҚ өз өнімінің 65% шетелге шығарады, соңғы 3 жылда Ресей нарығының 13% жаулап алса, Қырғызстандағы үлесі 50% құрайды. 2017 жылы Аралдың тұзы Әзірбайжан мен Грузияға экспорттала бастады. Алдағы уақытта тауар өткізу нарығын кеңейтуді, ал 2019 жылдан бастап Қытай нарығына шығуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев.
Индустрияландыру картасы аясында кәсіпорында тұз шығаратын испандық 2 цех іске қосылды. Зауыттың қайта жаңғыртылуы еңбек өнімділігін екі есеге арттырып, 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтуға, қызметкерлердің жалақысын 60 пайызға дейін арттырып, өнімнің өзіндік құнын 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында жұмысшылардың басым бөлігінің жалақысы 26% артты.