ҚАРАКӨЛ ТҰҚЫМЫН ТҮЛЕТУ ҚАЖЕТ
Өңірде қаракөл қой өсіру кеңшарлары 70 жылдардың басында құрыла бастады. Елтірісі алтынмен пара-пар бағаланатын еді. Қаракөл тұқымын сақтап қалған ауданның бірі – Шиелі. Мұнда 5 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.
Жақсылык Әлиев, Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
-Қазір жүнді ешкім алмайды. Бұрын жүн қымбат материал есебінде болатын Кеңес кезінде. Елтірі де сол сияқты болып тұр. Мақсатымыз, қабылдау пункттері ашылса, әрине, қой өзінен-өзі көбейеді. Сөз жоқ көбейеді. Өйткені малға деген ынта-жігер өте зор.
Қаратау аңғарындағы Сауысқандық жайлауында ілгеріректе 40 мыңдай қой өрбіген. Кеңшар тарағанда Бөрібай Ібішев 200 бас қоймен бөлініп шығады. Қазірде меншігіндегі қойы 2000 мыңға жуықтап қалды. Оның 1180-і – қаракөл тұқымы. Биыл көктемде 900 қозы алып, 160-ының ғана елтірісін өткізді. Шаруаның айтуынша, егер арнайы өткізу бекеті ұйымдастырылса агроөнім өндіру көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік бар көрінеді.
Бөрібай Ібішев, Шаруа қожалығының төрағасы
-Қаракөлді өткізетін облыста жеріміз болмағасын Шымкент жаққа арзандау бағамен қаракөлді алып кетеді. Жүн жағы да қиындау. Осы жағы шешілмей тұр. Жүн, қаракөлді жақсы бағаға алып жатса, шарушылықты көркейтуге болады.
Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауы және өсіруінің нәтижесінде шығарылған еті мығым, шағын, жүрдек, құйрықты қой тұқымына шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Қаракөл елтірісі киім өндірісінде кеңінен пайдаланылады. «Егер мемлекеттік қолдау болса, кешенді өнеркәсіпті осы өңірде де жандандырып, мал шаруашылығы мен тігін индустриясы қатар дамытылар еді», – дейді шопан қауым.
Қамбар БЕКЕНОВ