САЛЫҚ ЖИНАУ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНДА
Бүгін Қызылорда облысының салық базасын кеңейту мәселесі бойынша кеңес өтті. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев 2014 жылдың бюджет тайқазанын толтыру бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, 2015 жылда салық базасын әрі қарай жетілдіру жолдары туралы баяндама жасады.
Өткен жылы облыс салық жинау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аймақтар арасында Астана қаласынан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Салық жинау көрсеткіші 2013 жылғы көрсеткіштен 22,4 пайызға артып, мемлекеттің қазынасына 400 миллиард теңгеден аса қаражат түсті. Бюджеттің кіріс бөлігі 61 миллиард теңгені құрады, яғни өткен жылға қарағанда 30 пайызға жоғары болды. Кірістің жоғарылауы апатты мектептердің орнына 12 жаңа мектептің құрылысын бастауға, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жүргізуге және аудандық ауруханаларды жасақтауға, Қорқыт ата атындағы мемориалдық кешеніне жаңғырту жұмыстарын жүргізуге және облыс орталығын дамытуға қаржы бөлуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, жиын барысында селекторлық режимде Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының әкімдері салық түсіміне қатысты есеп берді.