Шиеліде кәсіпкер 20 мың түп алма ағашын екті
Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің тұрғыны Көбей Дәулетов 10 гектар жерге 20 мың түп алма көшетін отырғызды. Алма бағына тамшылатып суару әдісі пайдаланылады.

Сыр өңірінде бұрынғы жылдарда жеміс-жидек шаруашылықтары болған еді. Дегенмен беріде ол шаруашылықтар өз жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан алма, өрік секілді жеміс-жидек түрлері сырттан тасымалданып келеді. Көбей Дәулетов сол олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр.