30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТ ҚАЗАҚ ЕЛІМЕН ЕРКІН САУДА АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ЫНТАЛЫ
30-дан астам мемлекет Қазақстанмен еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздер жүргізуге ынта танытып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«30-дан астам мемлекет еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздер жүргізуге ынта танытып отыр. Жалпы, бұл интеграциялық процестегі өте маңызды бағыт, өйткені біздің кәсіпкерлер үшін нарық кеңейеді», - деді Т. Жақсылықов.
Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта құрамына төрт мемлекет кіретін Еуропа еркін сауда қауымдастығы және Жаңа Зеландиямен келіссөздер жүргізілуде.
«Бүгінде Вьетнаммен келіссөздер белсенді жүріп жатыр. Биылғы жылдың бірінші жартысында келісім жасалады деген ойдамын. Мұнымен қатар, Түркия, Үндістан, Израиль, Мысыр секілді бірқатар мемлекеттер еркін сауда аймағына кіруге ниет етіп отыр. Бұдан бөлек, Латын Америкасындағы 10-ға жуық ел келіссөздер жүргізуге ынталы», - деді ол.