Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
2019 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24992 теңгені құрады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.

Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,4%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11,9%, жемістер мен көкөністерге – 8,6%, нан және жарма өнімдеріне – 7,4%, май және тоң май өнімдеріне – 4,2%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,5%, балыққа – 2%-ды құрады.