Қызылорда облысындағы инфляция туралы
2019 жылғы ақпанда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,2% құрады.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,3%, азық-түлік емес тауарларына - 0,3%-ға жоғарылады, ақылы қызметтерге - 1,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге 11,1%, күрішке - 6,2%, шикі сүтке - 4,8%, басқа да өсімдік майы және тоң майға - 3,8%, жаңа жиналған жемістерге - 3,2%, ұнға - 2,1%, макарон өнімдеріне - 1,8%, шұжықтық және басқа да еттен дайындалған өнімдерге - 1,5%, балалар тағамына - 1,4%, нанға - 1,3%, етке - 0,6%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 5,2%, жұмыртқаға - 2,7%, қантқа - 1,3%-ға тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі өзге де емдеу жабдықтары мен аппараттарына 2,6%, автокөлік құралдарын сатып алуға - 2,3%, киім және аяқ киімдерге - 0,8%, өсімдіктер мен гүлдерге және қатты отынға - 0,6%-дан тіркелді. Бензин 1,3%, дизель отыны - 0,1%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға жолаушылардың әуе көлігіне 6,4%, салт-жора қызметтеріне - 3,5%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 2,9%, тұрмыстық құралдарды жөндеуге - 1,8%, денсаулық сақтауға - 1,1%, жолаушылар темір жол көлігіне - 0,7%-ға жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 22,7%, кәрізге - 11,4%, орталықтан жылытуға - 10,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,3%, электр энергияға - 0,7%-ға төмендеді.