«АЛТЫН АСЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР 10 МЫҢНАН АСТАМ ҚОЙ АЛДЫ
Қой шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық» бағдарламасы Қызылорда облысында жоғары деңгейде жүзеге асуда. Өткен жылы 12 шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 131,0 млн. теңге несие алып, 5627 бас қой, оның ішінде 327 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Сонымен қатар 5 шаруашылық өз қаржысы есебінен 96,2 млн. теңгеге 4470 бас қой әкелді. Осылайша, жыл ішінде 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды.
Жалпы өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқан 310 шаруашылық 1524 млн. теңге субсидия алды.
Тағы бір айта кетерлігі, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында Ы.Жахаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының» базасында мал шаруашылығы бөлімі ашылды.
Бүгінде ет бағытындағы қой тұқымын жетілдіру мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтары Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы университетінің ғалымдарымен Жалағаш ауданында ет бағытындағы «еділбай» қойына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, Оңтүстік Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту ҒЗИ-ның мамандарымен әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсімен ет бағытындағы «Атырау етті майлы елтірі» қойын өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүзеге асырылып, «Ақсеңгір» және «Ақ жол» ШҚ 1540 бас «Атырау етті майлы елтірі» қойы әкелініп өсірілуде. Сонымен бірге, еліміздің белгілі академигі Х.Үкібаевтың басшылығымен Ресейдің Астрахань облысы мен Жамбыл облысынан көк түсті қошқарлар әкелініп, Жаңақорған ауданы «Ынтымақ» ЖШС-де және «Бақытжан» ШҚ-да селекциялық асылданыру жұмыстары жүргізілуде.