Қызылорда облысында 62 мұнай ұңғымасын бұрғылау жоспарланды
Қызылорда облысында үш жарым мың шақырым тереңдіктен мұнай шығаратын 62 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Өйткені соңғы 6 жылда аймақтағы қара алтын өндірісі екі есеге азайған.
Мамандардың айтуынша, бұған дейін мұнай екі жарым мың шақырым тереңдіктен алынған. Бірақ, қазір бұл деңгейдегі жер астында оның көлемі азайды. Сондықтан ұңғымаларды тереңдету ісі қолға алынған.
Айта кетейік, Қызылорда облысы экономикасының 80 проценті дәл осы мұнай, мен газ және уран қамтиды.