2019 жылдың қаңтарына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 100,4% құрады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Азық-түлік тауарларына бағалар 1%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 0,5%-ға өсті және халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 0,6%-ға төмендеді.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары биылғы жылдың қаңтар айымен былдырғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,7%-ға төмендеді.
Қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 46756 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,3 есеге көбейді.
2019 жылдың 1 ақпан айында тіркелген заңды тұлғалар саны 10295 бірлікті құраса, оның ішінде 9943 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7710 болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7358-ді құрайды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 99,6%-ды құрды.
Сонымен қатап бөлшек сауда көлемі 18602,5 млн теңгені немесе өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 100,3% құрады.
2019 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 11410,2 млн теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда 100,3%-ға тең болды.
2019 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 75756,2 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 2018 жылғы деңгейден 6,1 % кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 6,1%, өңдеу өнеркәсібінде 1,4% кемісе, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 15,1% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтарда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3476,8 млн теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 1,5% артық болды.
2019 жылғы қаңтарындағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 117,9%-ды құрды.
2019 жылғы қаңтарындығы жүк айналымының көлемі 1063,9 млн ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,3% жоғары. Жолаушылар айналымының көлемі 560,0 млн жкм құрап, 8,7% артты.