«Ауыл шаруашылығы жерлеріне бірыңғай салық енгізгені дұрыс» - Асқар Әлиакбаров
Ауыл шаруашылығындағы барлық салықты біріктіріп, бірыңғай салық енгізгені дұрыс. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Жер ресурстарын тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде талқыланған ұсыныстарға қатысты «Мағжан и К» ЖШС директорының орынбасары Асқар Әлиакбаров осындай пікір айтты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Ауыл шаруашылығындағы барлық салықты біріктіріп, бірыңғай салық енгізгені дұрыс. Себебі, жерді жалға алып пайдаланбай отырған адамдар тек жерге ғана салық төлеп жерлерді ұстап отыр. Мысалы, 100 гектар жердің ақысы жыл сайын небары 2362 теңге. Ал жерді алып пайдаланып отырғандар мүлкі бар, басқасы бар 7-8 салық, яғни бірнеше есе артық салық төлейді.
Сондықтан ауыл шаруашылығы жерлеріне салық бірдей болса, пайдаланбай отырғандар біртіндеп жерді қайтарып, басқа жұмыс істейтіндерге жерді алуға мүмкіндік болар еді», - дейді Асқар Әлиакбаров.
Сондықтан ауыл шаруашылығы жерлеріне салық бірдей болса, пайдаланбай отырғандар біртіндеп жерді қайтарып, басқа жұмыс істейтіндерге жерді алуға мүмкіндік болар еді», - дейді Асқар Әлиакбаров.
Айта кетейік, бүгін, 15 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің алаңында Мұхтар Тайжан бастаған қоғам қайраткерлері тобының бастамасымен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Онда М. Тайжан жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасауға заңнамалық шектеулерді алып тастау арқылы нарықтық айналымға тарту үшін ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу институтын жетілдіруді қарастыратын заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.