ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Несие алуға қажетті кепілзат жетіспеушілігін сезінген Қызылордалық үш кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бөлшек кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды. Жас кәсіпкерлер Нысанбаев Жансерік, Омаров Көбейсін және Аманов Кемалмен кепілдендіру келісім шарты жасалды. Аталған кәсіпкерлердің барлығы облыстың аудан орталығында тұрады және өз бизнесін туған жерінде жүзеге асыратын болады.
Кемал Аманов бизнеске екі жыл бұрын ғана келді. Кәсіпкер болмастан бұрын, электрмен қаматамасыз ету саласында 40 жыл жұмыс атқарды. Өзінің жобасын жүзеге асыру үшін «БанкЦентрКредит» АҚ несие рәсімдеді және Даму Қоры тарапынан 50% кепілдендіруге ие болды. Несие қаражаты газобетондық блок шығару өндірісіне қажетті жаңа құрылғылар сатып алуға жұмсалады. Газобетон шығаруға қажетті құрал-жабдықтар сатып алудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік саласындағы латеральная диверсификация және ол бизнестегі тәуекелді төмендету мен оның бәсекелестігін арттыруға бағытталған. Жеке кәсіпкер Кемалов Аманның жобасы жүзеге асқан уақытта бизнес орналасатын Әйтеке би кентінде жаңадан 7 жұмыс орны құрылатын болады.
Жиһаз жасаумен айналысатын жеке кәсіпкер Нысанбаев Жансерік Арал ауданың тұрғыны. Жеке кәсіпкердің сөзінше, бұрыннан бизнесін дамытуға ойластырып жүрген, алайда қолданыстағы құрылғыларының қуаттылығы тапсырысты арттырып, оны орындауға мүмкіндік бермеген. Осыған орай, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, несие қаражатын өндірістік базасын үлкейтуге және шикізат сатып алуға жұмсауды жоспарлайды. Осы мақсатта кәсіпкер Даму Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасын пайдалана отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапты. Жансерік Нысанбаев сатып алуды жоспарлаған жаңа құрылғы оған өндірісті кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ есіктің бірнеше түрлерін жасауға және вакуумды қалып пен күрделі қалыптағы сәулелі қораптар алуға да мүмкіндік береді.
Мемлекет қолдауы аясында Қармақшы ауданы Төретам кентінің тұрғыны жас әрі мақсатқа ұмтылған кәсіпкер Көбейсін Омаров өз бизнесін ашуға қолдау тапты. Жас кәсіпкер құрылыс материалдарын шығару бағытында өз кәсібін бастады. «Сбербанк» АҚ бастауыш кәсіпкер ретінде несие рәсімдеп, өзінің өңделген кірпіш және басқа да өнімдер (тротуар плиткасы мен декоративті тастар) шығаратын мини-заводына қажетті құрал-жабдықпен вибротығыздау тәсілін пайдаланытын болады. Өндіріс жоғары технологиялық құрал жабдықпен өнімнің өзіндік құнын төмендетіп және сапасын арттыруға негіз болады. Көбейсін Омаровтың сөзінше, қазіргі таңда вибротығыздалған өнімдерге сұраныс артып келеді, өйткені аталған тәсілмен жасалған өнімдер суыққа төзімді, мықты әрі суды аз сіңіретіндігімен пайдалы болып келеді. Бүгінде кәсіпкер 6 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып, жобасы жүзеге асса тағы да 6 қызметкер алуды жоспарлайды. «Сбербанк Start up» бағдарламасы жаңадан бастауыш кәсіпкерге көмек көрсетуге бағытталған және Көбейсін Омаров жоба құнына тең 30% соманы өз қаражатынан салып, қалған 70%-н банк алдында «БЖК 2020» бағдарламасы аясында мемлекет кепілдендіріп отыр.