Қызылорда облысының 2013-2018 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы
1.Облыс экономикасына шамамен 1,7 трлн. теңге тікелей инвестиция тартылды.
Өткен 2018 жылдың өзінде инвестиция көлемі 25,5% -ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 37,6%-ға артты. Сонымен қатар, инвестициялардың өсуі кәсіпорындардың меншікті қаражаты салымының 22,4% - ға көбеюі есебінен қамтамасыз етілді.
2. 2013 жылдан бастап 50-ден астам жаңа өнеркәсіп өндірісі іске қосылды.
3. ИИДМБ аясында жүзеге асырылған 24 жобаның 19-ы 50-ден 100% - ға дейін «жоспарлы қуаттылықты» игерген. Оның ішінде 12 кәсіпорын жоспарлы қуаттың 100% - дан астамын игерді.
Олар шығарған өнімінің көлемі өткен жылы 32% - ға (2017ж. -18,4 млрд. тг, 2018ж. – 24,3 млрд. тг), ал, қаржылай экспорт көлемі 33%- ға (2017ж. – 6,2 млрд. тг, 2018ж. - 8,3 млрд. тг) артты.
4. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім 2013 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 31,6% -ға (ҚР-11,9% - ға) артты.
5. Соңғы 3 жылда ғана (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда) өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2,3 есеге (233,1%) өсті, саланың шикізаттық емес секторы өнімінің жалпы қосылған құны - 12% - дан астам, еңбек өнімділігі – 14% - дан астам, экспорт көлемі 22,7% - ға өсті.
6. ЖӨӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесі екі есеге өсті (2012 жылғы 2,3%-дан 2017 жылы 4,9%-ға дейін). Бұл – экономика құрылымындағы өзгерістер қарқыны бойынша ел аймақтары арасындағы үздік көрсеткіш.
7. 2018 жылы Қызылорда облысы рейтинг нәтижесімен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған ең үздік аймақ деп танылып, 2018 жылдың желтоқсанында «Алтын сапа» марапатына ие болды. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылы 13,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіштің өсу қарқыны бойынша аймағымыз республикада жетекші орынға ие.
8. Тәуелсіздік жылдары алғаш рет 2017 жылы облыста 500 мың тоннадан астам күріштің рекордтық көлемі жиналды.
Тіпті 2018 жылы да су тапшылығы мен көктемнің кеш түскеніне қарамастан, 500 мың тоннаға жуық күріш жиналды. Күріштен мұндай өнім жинау оның сорт өнімділіктерінің соңғы жылдары 1,5 есеге артуы арқасында болып отыр.
Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтары игерілуде. Дәстүрлі күріштен басқа осы елге одан әрі экспорттау үшін ирандық күріш сорттарын өндіру басталды.
9. 2016 жылдан бастап бақша өнімдерін Ресейге экспорттау қайта қолға алынды, 2017 жылы Иранға, Біріккен Араб Әмірліктері мен Моңғолияға көкөністер мен мал экспорттау басталды, ал, 2018 жылы мақсары майы алғаш рет Қытайға жіберілді.
10. 2013 жылы облыс ауылшаруашылық өнімдерінің тек 3 түрін (балық, күріш, кебек) экспорттады, ал, 2018 жылы экспорттық өнімнің саны 15 түрге жетті (мақсары майы, тірі қозылар, ІММ, түйе, күнбағыс және рапс тұқымдары, картоп, қызанақ, бақша дақылдары (қарбыз, қауын), өсімдік шырындары (сығындылар), және жемдік дақылдар (жоңышқа).
Тек өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 27%-дан астам (18,8 млн. доллардан 23,9 млн. долларға дейін) өсті, оның ішінде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 97,7%- ды құрады (66,6 мың тоннаның 65,1 мың тоннасы).
11. Барлық мал түрлерінің саны бүгінде өңір үшін ең табысты болған 1993 жылғы көрсеткіштерінен асады.
12. Бірнеше жыл ішінде (2013 ж. - 2017 ж.) облыстың ЖӨӨ құрылымындағы ауылшаруашылығының үлесі 2,5% дан 3,7% - ға дейін ұлғайды, бұл өңір экономикасының құрылымындағы оң өзгерістерді көрсетеді.
13. Егер ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер 2013 жылы ауыл шаруашылығына 1 млн. доллардан астам қаржы салса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 15 млн. доллардан асты.
14. Балық аулау 6 жылда шамамен 2 есеге өсті.
15. Қазіргі таңда облыста 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, оның 4-і 2013 жылдан кейін салынды. Соның нәтижесінде осы жылдары балық өнімдерін экспорттау 10 есеге артты.
16. 6 жыл ішінде 3 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2013-2018 жылдары Қызылорда қаласының өзінде 15 жаңа шағын аудан салынды.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық көрсеткіші 2,6 есеге - 2013 жылы 270 мың м2 болса, 2018 жылы 700 мың м2 -қа дейін өсті.
17. 2017 жылы апатты тұрғын үй мәселесі шешілді. Осы мәселе 2013 жылдан бастап қолға алынғалы бері «апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер» себебімен кезекте тұрған 645 отбасы жаңа баспаналы болды.
18.Соңғы 4 жылда жеке тұрғын үйлер салуға арналған 28,5 мыңнан астам жер учаскелері инженерлік инфрақұрылыммен қамтылды. Соның нәтижесінде 2018 жылы халықтың өз қаражатымен салынған тұрғын үйлер көлемі 34,6% -ға артты.
19. Жан басына шаққандағы әлеуметтік шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау) бойынша облыс республика көлемінде 1-орынға ие.
20. 2013 жылдан бастап 200-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
21. 2013 жылдың басында анықталған 34 проблемалық әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды.
22. Апатты жағдайдағы 57 денсаулық сақтау нысанының 49-ы салынып бітті, қалғаны 2019 жылы салынады.
23. Мектептерде үш ауысымдық оқыту мәселесі шешілді.
24. Апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешілді, 37 жаңа ғимарат салынды.
25. 2015 жылы«Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын жүзеге асырылды - 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен 100% қамтамасыз етілді.
26. Балабақшалардың 71%-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасайды. 2013 жылдан бастап мұндай балабақшалар саны 2 есеге өсті.
27. Облыс мектептерінің 2017 және 2018 жылдардағы түлектерінің 97%-ы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқуға түсті (маргинал жастардың әлеуметтік базасы азайды).
28. Қызылорда облысы – Ресейдің жетекші техникалық ЖОО-да РФ үкіметінің гранты есебінен мектептерінің 520 түлегіне білім алуға мүмкіндік жасаған республика бойынша жалғыз облыс.
«Серпін» бағдарламасы аясында Сырбойылық 4 мыңнан астам түлек еліміздің солтүстік және орталық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарында білім алуда.
2013 жылдан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, әсіресе ауылдық жердегі балаларды оқытуға әкім гранты бөлінеді. Бүгінде еңбек ресурстарының балансына сәйкес өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жетекші ЖОО-да оқитын 900-ге жуық жас аталған грантқа ие болды.
29. 6 жыл ішінде 69100 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 60 098-і тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 4,8%-ға дейін төмендеді. Соңғы бес жыл ішінде жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші республикада орташа көрсеткіштен аспауда, бұл – тарихи жұмыс күші мол саналатын аймақ үшін маңызды жетістік.
30. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылға қарағанда 7%-дан 2018 жылы 4,2%-ға дейін төмендеді.
31. 2018 жылдың басында аула аралау нәтижесімен анықталған 97,5 мың өзін- өзі еңбекпен қамтығандар мен жұмыссыздардың 68 мың адамы, немесе бір жылда 70 пайызы рәсімделіп, жұмысқа орналасты!
32. Қызылорда қаласы және облыстың 7 аудан орталығының 4-уі газдандырылды. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді. Нәтижесінде, халықтың 63%-ы табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алды. 2018 жылы қалған 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа көгілдір отын жеткізілді. 2019 жылы кентішілік газ желісінің құрылысы басталады.
33. Аймағымыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі халықтың 98%-ын қамтыған.
34. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері тиімді пайдаланылады - кәсіптік-техникалық білім беру, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, көлік инфрақұрылымы, ТКШ және т. б. саласында 84 жобаны (37 млрд. теңгеден астам) іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
35. Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық дамып келеді. Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірлесіп, 4 жоба бойынша облыс орталығының жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ, жолаушылар тасымалы жүйесін жаңғырту бойынша жобаларын іске асыруға кірісті.
36. Соңғы 6 жылда облыс халқының саны 53,5 мың адамға артты.
37. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, соңғы 4 жылда алғаш рет Қызылорда облысының ЖӨӨ көрсеткіші бойынша 2016 жылдың деңгейіне 100,8%дан оң өзгеріс байқалады.
2018 жылы болжам бойынша ЖӨӨ көлемі 2017 жылғы деңгейден жоғары болады. Мемлекет басшысының экономиканы құру жөніндегі тапсырмасы орындалды, қазір көмірсутек шикізаты мен уранның бағасына бұрынғыдай тәуелді емес.