БАСПАНА ҚҰНЫ ИПОТЕКА БЕРУДІҢ ТОҚТАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН
Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бағасы кейбір банктердің ипотекалық несие беруді тоқтауына байланысты арзандауы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz Астанадағы жылжымайтын мүлік сарапшысы Руслан Унгефуг айтты. Алайда сарапшы бағаның қаншалықты төмендейтіні туралы нақты жауап бере алмады. Бірақ бұл жағдай Астанадағы баспаналардың бағасына әсер етпейтінін айтты, себебі онда баспанаға деген сұраныс өте жоғары.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның бірқатар банкі теңгемен ипотека беруді тоқтатқан болатын. Банктердің бірі несие беру жүйесінің қаңтардың 20-сынан кейін қалыпқа келетінін хабарлады.
Сарапшының айтуынша, қазір ипотека баспана алу үшін қол жетіңкіремейтін құрал болып тұр, егер ипотека беру тоқтайтын болса сатып алу-сату келісімдеріне әсер етіп, оның қатары азаяды. Сарапшының сөзіне қарағанда, әсіресе аймақтарда ипотекалық қарыздардың белгісіздігіне байланысты жылжымайтын мүлік сатып алуға сұраныс едәуір азайған. Унгефугтың мәлімдеуінше, Қазақстандағы қазіргі жылжымайтын мүлік нарығы тәртіп бойынша жұмыс істеп тұр, жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты келісімдер аз болса да бар, олардың кейбірі ипотеканың көмегімен жүзеге асып жатыр.
Сарапшының айтуына қарағанда, Қазақстанда ипотекаға баспана алатындар мен қолма-қол ақшаға сатып алатындардың саны баспананың сегментіне байланысты. Қазақстанда баспана сатып алатындардың 60 пайызы қолма-қол ақша төлесе, 40 пайызы ипотекаға алады. Бірақ кейбір өңірлерде ипотекаға алатындардың қатары барлық келісімнің 50 пайызынан асып түседі. Бірақ сарапшының айтуына қарағанда, соңғы кездері Қазақстанда қаражатын сақтап қалу үшін жылжымайтын мүлік сатып алатындар көбейген.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылдың соңғы үш тоқсанында жылжымайтын мүлік сатып алу келісімдері 15 пайызға азайған. "Бұл үрдісті өңірлерге қарап бақылай аламыз, себебі ол жақтардан теңге бағамындағы өзгерістердің салдары әлі де сезіледі, баспанаға сұраныс өте төмен. Қазір премиум-класс, элиталық және өтімсіз баспаналарды сату өте қиын. Ал жылжымайтын мүліктің өтімді нысандары мен инвестицияға тартымды нысандарға сұраныс әлі де тұрақты. Көбіне 1-2 бөлмелі, шаршы көлемі тым үлкен емес эконом-класс баспаналары сатып алынады. Ал элиталық және премиум-класс баспаналарын сатып алу келісімдері өте сирек жасалады, тіпті сатып алушылардың белсендігі төмендеп барады. Дегенмен Қазақстандағы жылжымайтын мүлік қазақстандықтар үшін қазіргі таңдағы ең ұғынықты және қолайлы инвестициялық құрал", - деді Унгефуг.