Қызылорда облысында балық өсірушілерге 5 млн. теңге субсидия бөлінді
Қызылорда облысының балық өсірушілеріне 5 млн. теңге субсидия беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Биылдың өзінде балық жемі қымбат, сондықтан субсидия бөлу мәселесі қаралған. Облыстық бюджеттен 4 млн 200 мың теңге қаралып тұр. 10 шаруашылық жем сатып алатын болса, әр келі жемге 105 теңгеден субсидия алуға мүмкіндіктері бар. Олармен қазір жұмыс жасап жатырмыз», - дейді облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жалғас Ахметов.