Қазақстанда 121 шаруашылық тауарлық балық өндірумен айналысады
Бұл – агроөнеркәсіптік кешен бағдарламасында көрсетілген меже. Елдегі 121 шаруашылық тауарлық балық өндірумен айналысады. Ірілері Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Консервіленген балықтың 35 пайызы Батыс Қазақстанда, Түркістанда 27 пайызы, Шығыста 8 пайызға жуығы өндірілген. Жалпы өткен жылы елдегі балық өндірісі 10 пайызға ұлғайды.