Өнеркәсіптік өнімдерді өндіруші кәсіпорындардың бағасының өзгеруі туралы
2018 жылғы желтоқсанда Қызылорда облысында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 15,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 17%-ға төмендесе, ал өңдеу өнеркәсібінде – 0,3%-ға жоғарылады.