Қызылордада ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24 339 теңге
2018 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24 339 теңгені құрады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанды өткен аймен салыстырғанда 2,2%-ға, 2017 жылғы желтоқсанмен – 2,5%-ға жоғарылады.
«Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,8%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11,5%, жемістер мен көкөністерге – 8,5%, нан және жарма өнімдеріне – 7,5%, май және тоң май өнімдеріне – 4,1%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,6%, балыққа 2%-ды құрады», – делінген департаменттің ақпаратында.