Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлер сатылуда
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Қызылорда қаласының тұрғындарына тұрғын үй алу мәселесі жөнінде өз жауабын берді.
Мереке қарсаңында Қызылорда қаласы Демесинов және Жаппасбай батыр көшелерінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған екі жаңа тұрғын үй кешенінде пәтерлер еркін сатылуда.
Пәтерді таза әрлеуде бастапқы жарнасыз жалдау бағасы бойынша сатып алу ұсынылады. Мысалы, ауданы 53,84 ш.м. 2 бөлмелі пәтер айына 40 000 тг., ал алаңы 67,42 ш.м. 3 бөлмелі пәтер ай сайын 52 000 тг. ұсынылады.
Кез келген адам пәтерге үміткер бола алады. Ол үшін Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 114-үй, 2-қабат мекен-жайында орналасқан сату бөліміне барып, пәтерді таңдап, өтінішті kyzylorda@fnsk.kz поштасына жіберуқажет.
Пәтерді сатып алуға өтінім fnsk.kz сайтында жарияланған нысан бойынша қабылданады.
Дамыған инфрақұрылым жаңа кешендердің даусыз артықшылығы болып табылады. Қаланың маңызды магистральды жолдарына барынша жақын орналасуы, орталыққа және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды объектілеріне жақын орналасуы оларды облыс орталығының басқа салынып жатқан объектілерінен тиімді ажыратады.
Бүгінгі таңда бұл ұсыныс Қызылорда қаласының тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Қосымша ақпаратты +7 (7242) 23-01-03, +7 (7172) 91-90-70 телефондары арқылы алуға болады.
Комментарии 1