МҰНАЙ БАҒАСЫ ТАҒЫ ДА ОН ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
«Қара алтын» құны әлемдік нарықта тағы да төмендеді. Brent маркасындағы «қара алтынның» ақпандағы баға өзгерісімен он пайызға төмендеп отыр.
Кеше таңертең яғни 7 ақпан күні Brent маркасындағы «қара алтын» бағасы барелліне шамамен 50,30 АҚШ долларын құрады. Білікті мамандар бұған соңғы 6 жылдағы «қара алтын» құнының тарихи құзға құлауы», деген атау берді. Brent маркасының баррелі 53-54 доллардың арасында құбылса, WTI маркасы да 2009-дың 28 сәуіріндегі 50,04 доллар бағасына төмендеді. Болжанбаған бағалар мұнайлы мемлекеттердің біразына шығыстарын қысқартып, қаржы үнемдеуге мәжбүрлеп отыр. Оның ішінде алдағы жылдардың бюджетін мұнай бағасы 80 доллар болады деп бекіткен Қазақстан да бар. Бұл жағдай төрткүл дүниедегі елдердің мазасын қашырғанымен, ОПЕК бой берер емес.