Қызылорда облысында күнкөрістің ең төменгі деңгейі қандай?
2018 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23806 теңгені құрады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы қарашаны өткен аймен салыстырғанда 7,9%-ға төмендеді, 2017 жылғы желтоқсанмен – 0,2%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11%, жемістер мен көкөністерге – 8,5%, нан және жарма өнімдеріне – 7,6%, май және тоң май өнімдеріне – 4,2%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,6%, балыққа – 2%-ды құрады.