АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНЕ "АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ЕНГІЗІЛУДЕ
Сыр өңірінде агроөнеркәсіп кешені саласында "ақылды технологияларды" енгізу мақсатында автоматтандырылған жылыжай салынып, "электронды ветеринария" жобасы іске қосылды және Агробиржа жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапасы жағынан ғана емес, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті жоғары сапалы дайын өніммен шығу міндетін қойып отырмыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл тұста "ақылды технологияларды" енгізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бірінші кезеңде біз малдарды бақылауға арналған навигаторларды іске қостық, "электронды ветеринария" жобасы мен автоматтандырылған жылыжай құрылысын жүзеге асыра бастады", - деді аймақ басшысы.
"Электронды ветеринария" жобасы аясында "Mobi-VET" мобильді қосымшасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты - фермерлік шаруашылықтар мен халықтың жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындауы бойынша толық ақпарат алу.
Сонымен қатар, "жобалық басқару" аясында аймақта электронды сауда алаңын – Агробиржаны құру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өнімді тиімді өткізуге көмектеседі және де негізгі тірек сыртқы нарықтарға жасалады.