ЦИФРЛАР СӨЙЛЕЙДІ
Қызылорда облысының 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.
2018 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 65791 теңгені құрады және 2017 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 6,8%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 2,3%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 2,0%-ға төмендеді.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы қыркүйектің соңына 7,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%. 2018 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысын бағалау бойынша 2018 жылғы II тоқсанда 133516 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,2% құрап отыр. Азық-түлік тауарларына бағалар 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 3,8%-ға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 4,2%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 166377 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға көбейді.
2018 жылдың 1 қазандағы тіркелген заңды тұлғалар саны 10538 бірлікті құрады, оның ішінде 10187 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7521 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7170 бірлік.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,3%-ды құрды.
Бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке 194778,0 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,5% құрады (салыстырмалы бағада).
Көтерме сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке 112858,9 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 684811,3 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2017 жылғы деңгейден 6,5% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 5,2%, өңдеу өнеркәсібінде 9,2% кемісе , электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 22,7% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 66530,8 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 0,2 % артық болды.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,3%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде жүк айналымының көлемі 9615,2 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар- қыркүйегімен салыстырғанда өзгеріс болған жок. Жолаушылар айналымының көлемі 5100,1 млн. жкм құрап, 8,1% артты.
2018 жылғы II тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 119455,4 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 89,8%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 27,6%-ды құрады.
Қызылорда облысының статистика департаменті