ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ
Қызылорда облысында 2018 жылғы қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 26 016 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасының баспасөз қызметі.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы қыркүйекті өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеді, 2017 жылғы желтоқсанмен – 9,6%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 17,2%, жемістер мен көкөністерге – 13,4%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,6%, нан және жарма өнімдеріне – 6,9%, май және тоң май өнімдеріне – 3,8%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3%, балыққа – 1,8%-ды құрады.