ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ: САНДАР СӨЙЛЕЙДІ
Аймақ экономикасының негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісімен жыл басынан бері 350-ден аса кәсіпорын айналысып, 601,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева мәлімдеді.
Оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – облыстың жетекші салаларының бірі, өндірістің 83 пайызын құраған.
– Өңдеу өнеркәсібінде 72,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 5,5 пайызға төмен.
Сонымен қатар, қағаз өнімін өндіруде 8 есе, машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру – 66,2%, резеңке және пластмассалық бұйымдарды өндіру - 35%, жиһаз өндіру – 11,8% көбейгені байқалды, - деді департамент басшысы.