ЦИФРЛАР СӨЙЛЕЙДІ
Статистикалық мәлімет бойынша, облыстың барлық ауыл шаруашылық санаттарындағы өндірілген өнім бойынша да өсім байқалады. Атап айтар болсақ 2018 жылдың 1 тамызына дейін Қызылорда облысында 18,6 мың тонна ет (тірілей салмақта) өнірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға көп.
Мұнан басқа өңірде осы жылдың 1 тамызына дейін 46,6 мың тонна сүт, 4,2 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда сүт өндіру 2 пайызға, ал жұмыртқа өндіру 38,4 пайызға өсіп отыр.