ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ДАМЫТУ
Бүгінгі таңда Жалағаш ауданының барлық елді мекендерінде электр жүйелерінің тозығы жеткен. Аудан бюджетінен бөлінген 2,9 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр және Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Алдағы уақытта облыс әкімнің тапсырмасына сәйкес ауданның электр жүйелерінің тозығы жеткен Аққұм, Аққыр, Бұқарбай батыр, Жаңадария, Жаңаталап және Мәдениет елді мекендерінің электр жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.