ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ
Жалағаш және Сырдария аудандарын газдандыруға республикалық бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
– Өздеріңізге белгілі, Жалағаш, Сырдария аудандары үшін бір АГРС орнатылатын болады. Негізгі қаржыландыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Облыс әкімдігі тарапынан қаржыландыру жұмыстарын 2018-2019 жылға жылжыту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қаржыландыру мәселесі шешімін тапса, 2019 жылдың аяғына дейін Жалағаш ауданында газдандыру жұмыстары толықтай аяқталады деп күтілуде, - деді аудан басшысы.