БҰРЫН ЖҰМЫССЫЗ, ҚАЗІР КӘСІПКЕР
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлес¬кен отырысында айтқан бес әлеуметтік бастамаларының бірі – өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру болатын.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 40 адамға 113,6 млн теңге шағын несие берілген. Бұған қол жеткізгендердің ішінде қазіргі таңда 22 адам кәсіпкер атанып, ойға алған істерін бастап та кетті.
Айта кету керек, 2018 жылы Жалағашта алғаш рет бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 170 адамды қамту жоспарланса, есепті мерзімге өзін-өзі жұмыспен қамтыған 68 адам жолдама алыпты.
Тағы бір қуантарлық жайт биылдан бастап жұмыссыз азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Қазіргі таңда өңірде 70 жобаға 16,8 млн теңгенің сертификаты табысталыпты.
Бұл бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейді. Осы орайда жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғаның жеткізген Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова әлеуметтік жұмысқа есепті мерзімде 58 адам, «Жастар тәжірибесі» бойынша 120 жас маман жұмысқа жіберілгендігін айтады. Ал қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жыл басынан бері 366 тұрғын жұмысқа тартылған.
Жыл басынан бері Жалағаш ауданында 6 мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен тілдесіп, мамандығына сай жұмыс ұсынды. Тиісті бөлім басшылығы биылғы жылы осы шараның нәтижесінде 25 жұмыс берушілерден түскен 41 бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар еңбекке тартылғаның айтып отыр.
Ал жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдаудың көмегінсіз 393 адам жұмысқа орналастырылған.