ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ МЕН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ АВТОЖОЛЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Жолдың жағдайы – дамудың басты көрсеткіштерінің бірі. Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев қалааралық маңыздағы автомобиль жолын жаңғырту мәселелермен «Проммедконтракт» ЖШС мамандары мен сала басшыларын қабылдады.
Биыл аудандық маңыздағы «Әйтеке би кенті-Қазалы қаласы» (0-7 км) автомобиль жолын реконструкциялауға жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «Проммедконтракт» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған болатын.
Бүгінгі таңда мекеме тарапынан жолдың бастапқы деректерлері жинақталып, инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, топографиялық түсірілім жасалған.
Сонымен қатар, келісім-шарт негізінде қолданыстағы конструкциялардың 2 дана темір бетонды көпір мен 2 дана су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайын анықтау жұмыстары атқарылып отыр. Қазіргі уақытта жұмыс жобасы әзірленуде.
Алдағы уақытта жұмыс жобасы әзірленгеннен кейін «Әйтеке би кенті-Қазалы қаласы» (0-7 км) аудандық маңыздағы автомобиль жолы 2 жолақты жолдан әрқайсысы 3,5 метрді құрайтын 4 жолақты (жалпы ұзындығы 14 метр) жол салынып, жол жиегіне 2 жарық шамдары бар жарық бағаналары орнатылатын болады. Жол бойында орналасқан 2 темір бетонды көпірлер қайта жаңғыртылып, «Ақарық» пен «Шалабай» каналдарындағы 2 дана су өткізгіш құбырлар кеңейтіледі.
Сондай-ақ, аталған жолда жаңа үлгідегі автобус аялдамалары орнатылып, автубус тоқтайтын және жолаушыларды түсіріп, мінгізетін аймағы 6 мертге дейін ұзартылатын болады.
Алдағы уақытта осы аудандық маңыздағы автомобиль жолы VI категориялық жолдан II категориялық жолға яғни, қалааралық маңыздағы автомобиль жолына ауысады деп күтілуде.