ҚАЗАЛЫДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПҚАН
Көптеген тұрғындардың баспана мәселесіне алаңдаушылығы бар екенін білеміз. Бүгінгі таңда тұрғын үйге мұқтаж 600-ден астам адам кезекте тұр.
Жыл басынан бері 13 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынып, 101 пайызға орындалды.
Биыл аудандық бюджеттен 26 млн. теңге бөлініп, 3 қызметтік тұрғын үйлер сатып алынды.
Қазалы ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 182 млн. теңге қаржы қаралып, 52 маман тұрғын үй сатып алды.
Әйтеке би кентінде жалпы құны 1 млрд. 62 млн. теңге болатын 18 пәтерлік 6 тұрғын үй құрылысы жоспарланып, өткен жылы 5 үйдің құрылысы басталған болатын.
Биыл 121 млн.теңге қаржы бөлініп, 5 үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1 үйдің сот процедуралары жүруіне байланысты құрылысы тоқтап тұр.
Сонымен қатар, кент пен қаланың ортасынан 2 қабатты 12 пәтерлік 12 арендалық тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұған аудандық есептен 9 млн. теңге бөлінген.