ҚАЗАЛЫДА БАЛЫҚ АУЛАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Қазалы ауданында балық шаруашылығын қалпына келтіру бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасып келеді. Қазіргі таңда 19 су айдынындағы 21 учаскеде 20 балық аулау бригадасы жұмыс жасайды.
Жыл басынан бері 698 млн. теңге құрайтын 640 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға артық.
Биыл жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енгізу үшін 4 көл («Айжан», «Шақасоркөл», «Қыркөл», «Қаракөл») ұсынылды.
Сонымен қатар, көлдерге су апаратын каналдарды да тазалау жұмыстары қолға алынып, 3 каналға механикалық тазалау жұмысы жүргізілді. Бұл балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.