ЕГІНШІЛІК – ЖЕМІСІМ
Қазалы ауданында жыл басынан бері егін шаруашылығы саласы бойынша 23 өтінім қабылданып, 115,1 млн. теңгенің субсидиясы төленген. Сөйтіп биыл 17 790 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 6800 гектар жерге, ал, дәнді дақылдар – 7477 гектар, мал азықтық дақылдары – 7422 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 641 гектарға егілді.
Айта кетейік, биылғы жылы ауданда әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. Осының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда мақсары – 111 гектарға, жаздық бидай – 155 гектарға, тары – 5 гектарға ұлғайтылса, арпа дақылы 103 гектар жерге орналастырылды.
Бұдан басқа ауданда тұңғыш рет «Рза-Агро» ЖШС-гі мал азықтық дақылдар - түйе жоңышқа (120 га), судан шөбі (50 га), сорго (50 га), соя сияқты дақылдар (5 га) ексе, өндірістік негізде «Сыр маржаны» ЖШС-гі 20 гектар және жеке тұрғындар 280 гектар жерге картоп екті. Сонымен қатар, 1 шаруа қожалығы 5 гектар жерге жеміс-жидек бағын орналастырып отыр.
Биыл ауылшаруашылығы құрылымдары 117 млн.теңге болатын 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 6 дана алынды.