ҚАЗАЛЫДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қазалы ауданының экономикасын арттырудың бірден-бір тірегі – кәсіпкерлік саласы. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындарында 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артық.
Бүгінгі күнге кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 430. Оның ішінде үстіміздегі жылдың 6 айында 581 кәсіпкер тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 228 кәсіпкерге артық (2017 жылдың 6 айында 353 кәсіпкер тіркелген) болып отыр.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 3 614 бірлік болып, өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызды құрады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің белсенділік көрсеткіші - жыл басында 76 пайызды құраған болатын. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде көрсеткіш 82 пайыз болды.
Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 89 жобасы бойынша 375 млн. теңге несие алынған. Бұдан бөлек, 2-ші деңгейлі банкілер арқылы 21 кәсіпкер 561 млн. теңге несие алған. Барлығы, 936 млн. теңге.