АГРАРЛЫҚ СЕКТОРҒА ЕРЕКШЕ СЕРПІН
Қызылорда облысында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында 16,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,8% құрады. Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 10,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтында жарияланды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2018 жылдың маусым айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,3%-ды құрап отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыру сызбасына сәйкес 177,1 мың гектар егін егу межеленіп, қазіргі таңда облыс бойынша 184,5 мың гектарға егіс егілді.
Бүгінгі күнге шаруашылықтар бойынша барлығы 184,5 мың гектар, оның ішінде 2296 га жаздық бидай, 433 га арпа, 1027 га астықтық жүгері, 618 га тары, 51 га күнбағыс, 10282 га мақсары, 19170 га жаңа жоңышқа, 791 га мал азықтық жүгері, 4538 га картоп, 5365 га көкөніс, 7490 га бақша егілген.
87267 гектар күріш егісі 100% 23818 тонна жоғары репродукциялы тұқыммен себілді.