ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылғы шілдені өткен аймен салыстырғанда 3,5%-ға төмендесе, 2017 жылғы желтоқсанмен – 2,9%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,2%, жемістер мен көкөністерге – 11,3%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,8%, нан және жарма өнімдеріне – 7,4%, май және тоң май өнімдеріне – 3,9%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,4%, балыққа – 2,0%-ды құрады.